«Қоғамдық жұмыстар» бағдарламасына қатысқаннан кейін жұмысқа орналастырудың оң мысалы⠀ ⠀

Жарияланған күні:
2020-22-01 сағат 2:47

Закари Әмір 1991 жылы туған, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. 2014 жылы Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетіне оқуға түсті. 2016 жылы қаржыгер дипломын алды. Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту Орталығына хабарласып, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының 3 бағытының қатысушысы болды. 2019 жылғы 14 қаңтарда «Қоғамдық жұмыстарға» Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі «Мемлекеттік кірістер комитетінің Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ- не жіберілді. Әмір өзін жұмысқа тартылған қызметкер ретінде танытты. Содан кейін 2019 жылдың 28 мамырында салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы ретінде тұрақты жұмысқа қабылданды. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы Әмірге өз білімі мен әлеуетін іс жүзінде жүзеге асыруға мүмкіндік берді.

Жарияланған күні: 2020-22-01 сағат 2:47
Сілтеме https://czn.kz/polozhitelnyj-primer-trudoustrojstva-posle-uchastija-v-programme-obshhestvennye-raboty/