Қоғамдық жұмыстарға орналасудың  оң мысалы

Жарияланған күні:
2019-5-10 сағат 4:26

Шәкенов Дамир Мұратпекұлы 1994 жылы туған, Нұр-Сұлтан қаласында тұрады. 2013 жылы Қазтұтынуодағының Қарағанды экономикалық университетіне «қаржыгер»   мамандығы бойынша оқуға түсіп, 2016 жылы диплом алды.

2018 жылдың 7 желтоқсанында халықты жұмыспен қамту орталығына   жүгінді. Мамандардан  кеңес алып, «Еңбек»   бағдарламасының үшінші бағыты  «халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» аясында 14 қаңтар күні «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті Республикалық мемлекеттік мекемесіне қоғамдық жұмыстарға» жіберілді. 2019 жылдың 4 шілдесінен бастап көшіру-көбейту машиналарының операторы  болып  тұрақты жұмысқа орналасты. Бұл бағдарлама Дамирге өзінің мансабын сәтті бастауға мүмкіндік берді, ол дән риза.

Жарияланған күні: 2019-5-10 сағат 4:26
Сілтеме https://czn.kz/polozhitelnyj-primer-trudoustrojstva-na-obshhestvennye-raboty/