Азаматтардың әлеуметтік осал санаттарымен жұмыс бөлімі

Жарияланған күні:
2020-20-06 сағат 4:23
Бөлім басшысы

Қалиева Айсұлу Сағынғалиқызы

 

 

 

 

  • Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» Мемлекеттік бағдарламасын (бұдан әрі-Бағдарлама) жүзеге асыру;
  • Азаматтардың әлеуметтік-осал санаттары қатарынан өтініш білдірген тұлғаларды, атап айтқанда: мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларды (мүгедектерді), бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды, пробация қызметінде есепте тұрған тұлғаларды және кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе жоғалтқан, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын 23 жасқа дейінгі жастарды тіркеу;
  • Жұмыс іздеп жүрген тұлғаларға және азаматтардың жекелеген санаттарының қатарындағы жұмыссыздарға лайықты жұмыс таңдауда жәрдемдесу, жұмысқа орналасу үшін жолдама беру;
  • Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындары квотасының орындалуы туралы жұмыс берушілерден мәліметтер жинау;
  • Еңбек делдалдығын көрсету;
  • Бос жұмыс орындарын іздеу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында жұмыс берушілермен кездесулер өткізу;
  • Жұмысқа орналастыру және мүдделі құрылымдармен және ұйымдармен, сондай-ақ ҮЕҰ-мен бірлескен іс-қимыл жасау мәселелері бойынша іс-шаралар, кеңестер, жұмыс кездесулерін өткізу.

Байланыстар: 249605, 249586, 249625, +7 700 956 98 37  kvota_2018@mail.ru

Жарияланған күні: 2020-20-06 сағат 4:23
Сілтеме https://czn.kz/otdel-po-rabote-socialno-ujazvimoj-kategoriej-grazhdan/