Босатылғаннан кейін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік көмек көрсету шаралары

Жарияланған күні:
2019-2-09 сағат 20:59

2019 жылы 28 тамызда ЕЦ-166/10 мекемесінде Халықты жұмыспен қамту орталығы және Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаментімен бірлесе отырып, сотталғандармен “босатылғаннан кейін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік көмек көрсету шаралары” тақырыбына дәріс өткізілді. Кездесу қорытындысы бойынша жұмыспен қамту орталығының мамандары қысқа мерзімді курстар, гранттар және жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек “бағдарламасы” шеңберінде микрокредит беру бойынша жеке кеңестер берді.

Жарияланған күні: 2019-2-09 сағат 20:59
Сілтеме https://czn.kz/okazanie-mer-sodejstvija-zanjatosti-i-okazanija-socialnoj-pomoshhi-posle-osvobozhdenija/