Офлайн форматта шағын бос орындар жәрмеңкесі өтті

Жарияланған күні:
2021-28-10 сағат 22:23

 

Бүгін, 28 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығында шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтті. Бұл, пандемия жағдайына байланысты өткізілген онлайн жәрмеңкелерден кейін Офлайн форматта өткізіліп отырған бірінші бос орындар жәрмеңкесі. Шағын бос орындар жәрмеңкесінде Нұрлы Жол теміржол вокзалының тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін сервистік компаниялар азаматтарға бос жұмыс орындарын ұсынды.

Оған келесі жұмыс берушілер қатысты:
Олар: “Қазақстан Темір Жолы “Ұлттық Компаниясы” АҚ филиалы – “Астана теміржол вокзал кешені”,
“Күзет” мамандандырылған күзет бөлімшесі ” АҚ филиалы, “Марат” өндірістік кооперативі және “СК Керемет” ЖШС келесі бос жұмыс орындарын ұсынды:
• Өрт сөндіруші
• Жүргізуші
• Еден жуу машинасының операторы
• Аула сыпырушы
• Күзетші және басқалар.
Екі сағатқа созылған жәрмеңкеге 50-ден астам адам жұмыс іздеп келді.

Егер Сіз елордада жұмыс іздеп жүрсеңіз, Жұмыспен қамту орталығына келіңіз!

Мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 25, “Өркен” БО
Толық ақпарат алу үшін:
8(7172) 57-86-95
8(7172) 57-88-88 байланыс номерлеріне хабарласуға болады.

Жарияланған күні: 2021-28-10 сағат 22:23
Сілтеме https://czn.kz/oflajn-formatta-sha-yn-bos-oryndar-zh-rme-kesi-tti/