ҚОҒАМДЫҚ ЖҰМЫС ЗОР МҮМКІНДІК

Жарияланған күні:
2020-9-12 сағат 18:41

Халықты жұмыспен қамтуға  жәрдемдесудің бір бағыты жұмыссыз азаматтарды  қоғамдық жұмыстар бағдарламасы бойынша  жұмысқа орналастыру.  Жұмыстың бүл түрі  түрлі салаларда – қоғамдық ұйымдарда  мемлекеттік мекемелерде ұйымдастырылады.  Оған тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркеуде бар жұмыссыз азаматтар қатыса алады. Қоғамдық жұмыста істейтіндер мемлекет есебінен қаржыландырылады. Ай сайын  73 100 теңге көлемінде еңбекақы тағайындалады.

Қоғамдық жұмысқа орналасып  кейінен тұрақты жұмыс табатындар бұл бағдарламада көптеп кездеседі. Солардың бірі Динара Назиева. Осыдан үш жыл бұрын  С.Сейфуллин  атындағы  «Қазақ агротехникалық университетін» тәмәмдаған.  «Жерге орналастыру» факультетінде білім алған   жас маман алдымен Жастар практикасы бойынша  елордадағы  «Архитектура, қалақұрылыс және жерқатынастары» басқармасына жұмысқа орналасады.   Тәжірибе жинақтауда жақсы қырынан танылған Динараны мекеме басшылығы  қоғамдық жұмысқа қалдырыпты.   Аталған  басқармада  есептегі техник болып еңбек етіп көп тәжірибе жинадым дейді өзі. Ал қараша айында осы  мекемеге Жер кадастры бөлімінің бас маманы болып тұрақты жұмысқа  орналасты.

Қоғамдық жұмыстар бағдарламасы  – тек жас мамандар үшін ғана емес, әр жастағы жұмыссыз азаматтар үшін зор мүмкіндік.

Қоғамдық жұмыстар- аула сыпырушы, тазалықшы секілді жұмысшылардан басқа түрлі  маман иелеріне арналады.  Биыл Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 2 117 адам Қоғамдық жұмыстарға орналасты. Олардың арасында-мұғалім, дәрігер, инженер, есепші, заңгер, көлік жүргізуші, іс жүргізуші, аспаз т.б кәсіп иелері бар.

Қоғамдық жұмыстар бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына  жұмыссыз ретінде тіркелу керек.

Толық мәлімет алу үшін 7(7172) 57 89 35; 8776 496 62 13  номеріне хабарласып білуге болады.  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы: Бейбітшілік к-сі-25, «Өркен» ІО орналасқан.

Жарияланған күні: 2020-9-12 сағат 18:41
Сілтеме https://czn.kz/obshhestvennaja-rabota-ogromnaja-vozmozhnost-trudoustrojstva/