«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында, еліміздің еңбек тапшы аймақтарын жұмыс күшімен қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылдың
20-21 ақпаны аралығында сағат 10.00-ден бастап 18.00-ге дейін
азаматтардың ерікті түрде қоныс аударуы бойынша бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізеді.
Аталған іс-шараға Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Павлодар облысының өкілдері қатысады.
Барлық ниет білдірушілерді келесі мекен-жай бойынша өтетін бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне шақырамыз: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік к-сі 14, «Marden» Бизнес орталығы, «Жанұя» отбасы институтын қолдау Орталығы.