Азаматтардың жекелеген санаттары үшін жұмыс орындарының квотасын орындау туралы 

Жарияланған күні:
2020-6-03 сағат 18:50


«Жұмыспен қамту туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, 2016 жылғы 16 қарашада елорда әкімдігі азаматтардың жекелеген санаттарын, атап айтқанда: мүмкіндігі шектеулі адамдарды (мүгедектер), пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және білім беру ұйымының түлектері болып табылатын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе кәмелетке толғанға дейін айырылған 23 жасқа дейінгі жастарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгіледі.

Осы Қаулы аясында қаланың жұмыс берушілері қызметкерлердің штаттық санына байланысты азаматтардың жекелеген санаттары үшін квоталық жұмыс орындарын құруға міндетті.

Мүгедектер үшін қызметкерлердің штаттық саны 50-ден 100-ге дейінгі жұмыс беруші 2% жұмыс орнын, қызметкерлердің штаттық саны 101- ден 250-ге дейінгі жұмыс беруші 3% жұмыс орнын, қызметкерлердің штаттық саны 251-ден астам жұмыс беруші 4 % жұмыс орнын құруы тиіс.

Штаттық саны 50- ден астам жұмыс берушілерге бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғалар, кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқу бітірушілер үшін 1% мөлшерінде жұмыс орындарының квотасы белгіленеді.

Халықты жұмыспен қамту орталығы қала жұмыс берушілерінде квоталық жұмыс орындарын құру бойынша мониторинг жүргізеді, ұсынылған есептерді жинайды және өңдейді.

Азаматтардың жекелеген санаттары үшін квоталық жұмыс орындарын құру және бар бос жұмыс орындары туралы мәліметті, белгіленген нысан бойынша Бейбітшілік көшесі, 25 мекен-жайы бойынша орналасқан Халықты жұмыспен қамту орталығына ұсыну қажет, анықтама үшін телефон 95-44-17.

Сондай-ақ, есепті белгіленген нысанда kvota_2018@mail.com электрондық поштасына жібере аласыз (толтыру үшін нысанды қоса ұсынамыз, ішінде 2 кесте)

Жұмыс орындарының квотасы орындалмаған және есеп әр тоқсан сайын айдың 5- не дейін ұсынылмаған жағдайда, кәсіпорын туралы мәліметтер «Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы  және бақылау басқармасы»  ММ- не жіберіліп отырады.

 

Құжатты жүктеу

Жарияланған күні: 2020-6-03 сағат 18:50
Сілтеме https://czn.kz/ob-ispolnenii-kvoty-rabochih-mest-dlja-otdelnyh-kategorii-grazhdan/