Қоғамдық жұмыстар  оң нәтиже

Жарияланған күні:
2021-12-03 сағат 6:47

Биыл «Еңбек»мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылатын  Қоғамдық жұмыстарға – 2 177 орын бөлінді. Әртүрлі саланы қамтитын 296 кәсіпорын, мекемемен келісім жасалды. Жыл басынан бері  1 562 адам  жұмысқа орналастырылды.

Қоғамдық жұмысқа орналасып  кейінен тұрақты жұмыс табатындар бұл бағдарламада көптеп кездеседі.

Бүгінгі тақырыбымыздың кейіпкері – Ғабдуллина Мадина Абайқызы.  Ол   қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы  «NUR OTAN» париясы» ҚБ филиалында  хатшы болып жұмыс істейді. Қоғамдық жұмыс туралы алғаш  czn_astana  парақшасынан  көріпті. Бұған дейін қаланы жарықтандырушы жекеменшік кәсіпорында жұмыс істепті. Қысқартуға түскеннен кейін жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп келген. Енді ол алдағы уақытта елге қызмет ететін мемлекеттік салада  жұмыс істеуді жөн санайды.

Жұмыспен қамтудың белсенді шарасы саналатын Қоғамдық жұмыс бағдарламасы тек жас мамандар үшін ғана емес, әр жастағы жұмыссыз азаматтар үшін зор мүмкіндік.

Қоғамдық жұмыс – аула сыпырушы, тазалықшы секілді жұмысшылардан басқа – мұғалім, дәрігер, инженер, есепші, заңгер, көлік жүргізуші, іс жүргізуші, аспаз т.б кәсіп  иелеріне арналады.     Бағдарламаға қатысушы ай сайын  – 73 100 теңге көлемінде еңбекақы алады.

Қоғамдық жұмыстар бағдарламасы бойынша жұмысқа орналасу үшін Халықты жұмыспен қамту орталығына  жұмыссыз ретінде тіркелу керек.

Толық мәлімет алу үшін +7 705 329 7719; 8 777 116 82 73; 57-89-12

номеріне хабарласып білуге болады.  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы: Бейбітшілік к-сі – 25, «Өркен» Іскерлік Орталығында  орналасқан.

Жарияланған күні: 2021-12-03 сағат 6:47
Сілтеме https://czn.kz/o-amdy-zh-mystar-o-n-tizhe/