Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысы өтті.

Жарияланған күні:
2021-5-11 сағат 17:28

«Nur Otan» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес отырысы өтті.
Республикалық деңгейде өткен жиынды кеңес төрағасы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ахметов Мәди Абылайұлы ашып, жүргізіп отырды.
Күн тәртібінде: «Жастар практикасы» және «Алғашқы жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламаларын іске асырудың тиімділігі мен сапасы туралы талқыланды.
Алқалы жиынға ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев, «Атамекен» ҚР ҰКП Адами капиталды дамыту департаметінің директоры Азамат Бейсенбенов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Вакиль Набиев және Білім басқармасы, қалалық маслихат депуттары қатысты.
Жиын барысында қоғамдық кеңес мүшелері күн тәртібіндегі мәселелер бойынша өзекті сұрақтарды алға тартып, пікірлерін ортаға салды.
Жұмыспен қамту Орталығының директоры А.Елемесов жұмыспен қамтудың белсенді шаралары «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс орны» мемлекеттік бағдарламаларының кезең-кезеңімен атқарылып жатқанын атап өтті. Алдағы жоспарлары мен мақсаттарымен бөлісті.
Кеңес мүшелері жастарды қолдауға бағытталған бағдарламаларға алдағы уақытта да ерекше көңіл бөлінетінін айтты.

Жарияланған күні: 2021-5-11 сағат 17:28
Сілтеме https://czn.kz/nur-otan-partijasy-zhanynda-y-zhastardy-oldau-zh-nindegi-respublikaly-o-amdy-ke-es-otyrysy-tti/