«Наубайшы» тегін кәсіптік оқытуға қабылдау жүргізілуде

Жарияланған күні:
2022-18-08 сағат 18:41

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы тегін кәсіптік оқуға қабылдауды жүргізеді. Біліктілігі «Наубайшы», оқу мерзімі 3 ай. Ұсынылатын еңбекақы 100 000 теңгеден бастап 180 000 теңгеге дейін.
Қабылдау Бейбітшілік көшесі, 9 мекенжайы «Балжидек» ЖШС, «Скиф Трейд» ЖШС, «Соотечественники» ЖШС-нің өтінімдері бойынша жүргізіледі.

Қажетті құжаттар тізімі:
1) жеке басын куәландыратын құжат;
2) Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттар қоса беріледі. Болмаған жағдайда, соңғы 2 жылдағы зейнетақы қорынан үзінді көшірме ұсынылады (egov.kz арқылы алуға болады);
3) білімі туралы құжаттар (аттестат, куәлік, диплом), бар болса, оқудан өткенін растайтын құжаттар (куәлік, сертификат);
4) ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекіткен нысанға сәйкес Денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі;
5) Екінші деңгейдегі банкте ашылған ағымдағы (карточкалық) шоттың нөмірі.
Білім беру мекемесіне қабылданғаннан кейін денсаулық жағдайы туралы анықтаманың көшірмесі және ағымдағы (карточкалық) шоттың нөмірі ұсынылады.
Оқуға жұмыс берушінің іріктеуінен өткен жұмыссыз азаматтар жіберіледі.
Жұмыссыздармен 4 жақты Әлеуметтік келісімшарт жасалады, оның негізінде жұмыс беруші жұмыссызды мәлімделген жұмыс орнына жұмысқа орналастырады. «Тігінші» біліктілігі, оқу мерзімі 3 ай.

Қабылдау уақыты: жұмыс күндері сағат 8.30 – 17.00 дейін
(түскі үзіліс 13.00-14.30)
Барлық сұрақтар бойынша кәсіптік оқыту бөліміне хабарласыңыз: 24-89-48, 24-93-09, +77009569834

Жарияланған күні: 2022-18-08 сағат 18:41
Сілтеме https://czn.kz/naubajshy-tegin-k-siptik-o-ytu-a-abyldau-zh-rgizilude/