Біздің Орталыққа Беларусь Республикасының мемлекеттік қызметкерлері мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Костевич Ирина Анатольевна жұмыс барысымен келді

Жарияланған күні:
2018-12-09 сағат 1:07

Қонақтар Орталық қызметімен танысты. Кездесу барысында халықты жұмыссыздықтан қорғаудың мемлекеттік шаралары, Халықты жұмыспен қамту орталығының қызметіне белсенді форматтарды енгізу мәселелері, сондай-ақ жаңашыл бағдарламалар мен соңғы технологияларды енгізу жолдары талқыланды. Кездесуге Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Қабыкенқызы Жақыпова, Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Сабырбекұлы Оспанов және «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Президенті Дәулет Рашидұлы Арғындықов қатысты.

Жарияланған күні: 2018-12-09 сағат 1:07
Сілтеме https://czn.kz/nas-posetili-delegacija-gosudarstvennyh-sluzhashhih-i-ministr-truda-i-socialnoj-zashhity-respubliki-belorus-kostevich-irina-anatolevna/