НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ОРТАЛЫҒЫНА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ ҮШІН ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН ӘРІПТЕСТЕР КЕЛДІ

Жарияланған күні:
2021-11-06 сағат 16:17

10 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына Шымкент қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары келді. Шымкенттік мамандар елорда Жұмыспен қамту орталығының жұмыс істеу процесімен танысып, тәжірибе алмасты.
«Елорданың Жұмыспен қамту орталығы біз үшін үлгі.Орталыққа тән қызметтер – халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту бойынша жүзеге асырылатын кешенді іс-шараларды онлайн форматта көрсететіні қызықтырады. Жұмыс жүргізуде көп ілгері екенін байқалады. Орталықтан үйренетініміз көп екен. Алдағы уақытта тәжірибе алмасу мақсатында тығыз қарым-қатынас орнатқанымыз жөн деп санаймыз,”- деді Шымкент қалалық Жұмыспен қамту орталығының басшысы Сұңғат Абдуллаев.
Сондай-ақ, 2021 жылы Жұмыспен қамту орталығының құрылғанына 10 жыл толуына орай арнайы сый жасап, құттықтау тілегін арнады.
Қазір Республика бойынша 203 Халықты жұмыспен қамту орталығы бар.

Жарияланған күні: 2021-11-06 сағат 16:17
Сілтеме https://czn.kz/n-r-s-ltan-alasyny-zh-myspen-amtu-ortaly-yna-t-zhiribe-almasu-shin-shymkent-alasynan-riptester-keldi/