Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпорындары мен мекемелері басшыларының назарына!

Жарияланған күні:
2021-18-02 сағат 23:15

Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына және Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 27 қаңтардағы № 158-257 «Нұр-Сұлтан қаласында жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» қаулысына сәйкес келесі санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квота белгіленді:

1) жұмыскерлердің тізімдік саны бар мүгедектер:

елуден жүз адамға дейін жұмыскерлердің тізімдік санының екі пайызы мөлшерінде;

жүз бірден екі жүз елу адамға дейін жұмыскерлердің тізімдік санының үш пайызы мөлшерінде;

екі жүз елу бірден астам адамға жұмыскерлердің тізімдік санының төрт пайызы мөлшерінде

2) пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларға жұмыс орындары санының бір пайызы мөлшерінде;

3) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларға жұмыс орындары санының бір пайызы мөлшерінде;

4) ата-анасының қамқорлығынсыз қалғандарға кәмелетке толғанға дейін, білім беру мекемелерінің түлектері болып табылатын жастарға жұмыс орындары санының бір пайызы мөлшерінде біржолғы жәрдемақы төленеді.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498, № 499 және 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 бұйрығына сәйкес жоғарыда көрсетілген санаттағы азаматтар үшін жұмыс орындарына квотаның орындалуы туралы мәліметтер тоқсан сайын Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына тапсырылады.

Қосымша ақпаратты 75-93-41, 95-44-23 телефондары

http://zan.gov.kz/client/#!/doc/152644/rus

Жарияланған күні: 2021-18-02 сағат 23:15
Сілтеме https://czn.kz/n-r-s-ltan-alasyny-k-siporyndary-men-mekemeleri-basshylaryny-nazaryna/