Орталық директоры Бақытбек Әділбекұлы қазан айында атқарылған іс-шаралар бойынша бөлім жетекшілерінің есебін тыңдады. Жиын барысында Халықты жұмыспен қамту орталығы мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін бөлінген бюджеттің 99 пайызы игерілгені туралы айтылды. Мамандар Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысын ілгерілету және қалай жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатыны жайлы өз ойларын ортаға салды.