Бүгін «Нұр-Отан» саяси партиясының қалалық маслихат депутаты Талғат Қожахметов елордадағы Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмысымен танысты. Орталық директоры Азамат Байтасов жұмыспен қамту аясында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы айтып, жұмыс іздеуші азаматтардың www.enbek.kz порталы арқылы өз талабына сай бос орындарды қалай іздеуге болатынын көрсетті.
Халықты жұмыспен қамту орталығы, бас қаладағы жұмыссыздықпен күресу мәселесінде еңбек нарығын реттеуді жүзеге асыратын жауапты мекеменің бірі. Орталыққа қабылдауға келетін әртүрлі жастағы жұмыссыз азаматар, әлеуметтің осал топ мүшелері, мүмкіндігі шектеулі жандар мен пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдеседі.
Халық қалаулысы, қазіргі таңда Жұмыспен қамтудың жол картасын жүйелі жүзеге асырудың өзектілігін айтып, жұмыссыздықпен күресу мақсатында алдағы уақытта жұмыспен қамтудың жол картасы бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыратын жеткізді.