Мемлекеттік гранттар алу үшін қосымша қаражат бөлінуіне байланысты құжаттарды қабылдау жүргізіледі

Жарияланған күні:
2021-26-11 сағат 0:21

«Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ хабарлайды!
“Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 35 мемлекеттік грант беру үшін қосымша қаражат бөлінуіне байланысты құжаттарды қабылдайды. Құжаттарды қабылдау 26-29 қараша күндері Халықты жұмыспен қамту орталығында жүргізіледі.
Маңызды! Үміткерлер міндетті түрде жұмыссыз тұлға ретінде электронды портал арқылы тіркелуі қажет. Ол үшін egov.kz немесе enbek.kz немесе Нұр-сұлтан қаласының халықты жұмыспен қамту орталығында тіркеледі. Жеке негізде жұмыспен қамтылған (ЖК) және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлға (БЖТ төлеушілер) ретінде тіркеу халықты жұмыспен қамту орталығында ғана жүргізіледі. Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркеу болмаған жағдайда құжаттар қабылданбайды.
Қажетті құжаттар тізімі:
1) мемлекеттік грант алуға өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат, ал қандастар үшін – қандастар куәлігі (салыстырып тексеру үшін құжаттың түпнұсқасы ұсынылады);
3) бағдарлама шеңберінде оқудан өткенін растайтын құжаттың көшірмесі;
4) әзірленген бастапқы бизнес-жоспар;
5) бизнес-жоспардағы қаржыландыру құрылымына сәйкес коммерциялық ұсыныс;
6) жалға алу ниеті туралы шарт (жалға алу кезінде).

Халықты жұмыспен қамту орталығының жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 8.30-дан 18.00-ге дейін. Құжаттар тек жұмыс уақытында қабылданады.

Жарияланған күні: 2021-26-11 сағат 0:21
Сілтеме https://czn.kz/memlekettik-granttar-alu-shin-osymsha-arazhat-b-linuine-bajlanysty-zhattardy-abyldau-zh-rgiziledi/