Рахымбекова Жұлдыз Маратқызы – “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығаннан кейін, маусым айында “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 583 400 теңге мөлшерінде грант алды. Ол қазір “URPAQ” білім беру орталығы” бизнес-жобасын іске асыруда.
Қызмет түрі: білім беру қызметтерін көрсету.
Жоба Қабанбай батыр даңғылы, 46а мекен-жайы бойынша жалға алынған үй-жайда жүзеге асырады.
Байланыс телефоны:
8(775) 562 9974
Instagram: @urpaq_education
“Математика саласы жаныма жақын болғандықтан оқушыларды Назарбаев зияткерлік мектебі, Физика-Математика мектебіне дайындау туралы ойладым. Себебі, болашақта цифлық сауаттылықтың ролі артатыны белгілі.
Оның үстіне біздің елімізде ата-аналар мен балалардың математикаға деген қызығушылығы жоғары. Қазір орталықта 3 топ жұмыс істейді”,—дейді Жұлдыз Маратқызы.
Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші, “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыған, немесе қысқа мерзімді кәсіптік курс аясында оқуын аяқтаған адамдар болып табылады.
Ағымдағы жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК).