Мемлекеттік грант-жаңа идеяға жаңа жол

Жарияланған күні:
2021-7-09 сағат 21:18

Дана Қайратқызы – “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін оқығаннан кейін, 2021 жылғы 20 мамырда “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде “SKILLmix ғылым және шығармашылық клубы” бизнес-жобасын іске асыру үшін  583 400 теңге мөлшерінде грант алды.

Жоба А.Иманов көшесі, 41 үй мекен-жайында  орналасқан. Байланыс телефоны: 8(702) 999 1036 Instagram: @skillmix.kz Балаларды дамыту орталығын ашу идеясы көптен бері ойымда жүрген. Біздің Орталық мектепке дейінгі және бастауыш сынып жасындағы балаларға арналған.

Мақсаты: балалардың құрдастарымен және ересектермен қарым-қатынас жасау дағдыларын игеру және тәуелсіздікке үйрету”,- дейді Дана Қайратқызы. Мемлекеттік гранттар алуға үміткерлер жұмыссыз адамдар, кәсіпкерлер және өтініш берген кезде Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеген, “Бастау Бизнес” жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курсынан өткен немесе Бағдарламаның бірінші бағыты шеңберінде оқуын аяқтаған адамдар болып табылады.

Биыл 400 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Жыл басынан бері комиссия 399 жобаны мақұлдады. Ағымдағы жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК). 2021 жылы гранттың ең жоғары сомасы-583 400 теңге (200 АЕК)

Жарияланған күні: 2021-7-09 сағат 21:18
Сілтеме https://czn.kz/memlekettik-grant-zha-a-ideja-a-zha-a-zhol-2/