Мемлекеттік грант алып «Ателье» бизнес жобасын жүзеге асыруда

Жарияланған күні:
2021-26-03 сағат 14:45

Мемлекеттік грантты алушылардың бірі – Баймұхамедова Амангүл Әбдікәрімқызы, грантты  2020 жылдың  қыркүйек  айында алды. Бастау бизнес бағдарламасы бойынша оқудан өтті. “Ателье” бизнес  жобасын  жүзеге асыруда.

Амангүл Әбдікәрімқызы тігін тігумен бұрыннан айналысады. Грант алу қатысушыға өз ісін ашу үшін қажетті жабдықтарды сатып алуға және еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Халықты жұмыспен қамту  орталығы «Бастау бизнес» немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқыту курстарында оқығандардан мемлекеттік  грант алуға  өтініштер қабылдауды  жалғастырады. 2021 жылы   «Бастау бизнес» бағдарламасы аясында  барлығы 400 грант беру жоспарланып отыр.

Барлық  сұрақтар  бойынша  Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің  Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласыңыз. Байланыс  телефоны:  95-44-24. Мекен-жайы:   Бейбітшілік к-сі, 25, «Өркен» Бизнес орталығы.

 

Жарияланған күні: 2021-26-03 сағат 14:45
Сілтеме https://czn.kz/memlekettik-grant-alyp-atele-biznes-zhobasyn-zh-zege-asyruda/