Мемлекеттік грант алу бойынша кезекті комиссия отырысы өтті

Жарияланған күні:
2021-24-05 сағат 17:39

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Аталған комиссияда 24 өтініш қаралды, оның ішінде 11 жоба мақұлданды.

(қаңқасыз жиһаз қаптарын өндіру, клининг қызметтері, “family look” стиліндегі жеке киім өндірісі, “BALQAIMAQ” сүт өнімдерін қайта өңдеу, тандыр тортилласын пісіру, балаларға арналған ұлттық костюмдерді тігу бойынша шеберхана және басқалар).

Халықты жұмыспен қамту орталығы “Бастау бизнес” курсын немесе қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды аяқтағандар қатарынан грант алуға өтініштер қабылдауды жалғастыруда.
Анықтама үшін ағымдағы жылға барлығы 400 грант беру жоспарланған. Жыл басынан бері комиссия 98 мақұлдады. Ағымдағы жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583 400 теңге (200 АЕК).

Барлық туындаған сұрақтар бойынша Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына, Бейбітшілік к-сі, 25, “Өркен”БО-ға хабарласуға болады.

Жарияланған күні: 2021-24-05 сағат 17:39
Сілтеме https://czn.kz/memlekettik-grant-alu-bojynsha-kezekti-komissija-otyrysy-tti/