Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру.

Жарияланған күні:
2021-4-11 сағат 17:25

Нұр-Сұлтан қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыс берушілермен бірге мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруды ұйымдастырады.
Ерекше қажеттілігі бар тұлғаларға арналған арнайы жұмыс орнын құрған жұмыс берушінің бірі – «Тауелсіздік-Д» ЖШС. Осы мекеме медициналық техника және ортопедиялық бұйымдардың көтерме және бөлшек саудасымен айналысады. Серіктестік директоры Ерділдинова Дина Исламқызы тірек-қимыл қозғалысы бұзылған мүгедек адамдар үшін екі арнайы жұмыс орнын құрды.
I топ мүгедегі Нұрмағанбетов Жетес Сейтмамутұлы осы ЖШС-не мүгедектер арбасын жөндеу технигі, ал Муктарова Малика Болатққызы кеңесші лауазымына қабылданды
Мүгедектерді жұмыспен қамтуға арналған арнайы жұмыс орындары – мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып жабдықталған жұмыс орындары (бұдан әрі – арнайы жұмыс орындары).
Арнайы жұмыс орындарын құру кезінде жабдық сатып алу және монтаждау жұмыстарына кеткен шығындар жұмыс берушілерге мемлекеттік бюджеттен субсидиялау арқылы беріледі.
Әлеуметтік осал топ санатындағы мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды жұмысқа орналастыру бойынша қосымша ақпаратты 75-93-41, 95-44-23 және +7 775 902 73 53; +7 705 318 9792 ұялы телефондары бойынша білуге болады. «Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25, «Өркен» БО.

Жарияланған күні: 2021-4-11 сағат 17:25
Сілтеме https://czn.kz/m-mkindigi-shekteuli-zhandardy-zh-mys-a-ornalastyru-shin-arnajy-zh-mys-oryndaryn-ru/