“Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құру бойынша жұмыс берушілерден өтінімдер қабылдайды.
Мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған мүгедектігі бар тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарына жабдық сатып алуға, монтаждауға және орнатуға жұмсалған шығындарды мемлекеттік бюджет қаражатынан өтеу мақсатында жұмыс орнын құру барысында жұмыс берушілерге субсидиялар беріледі.
2015 жылы әлеуметтік шеберхана – CreenTal кәсіпорны құрылды. Жетекшісі Аскеров Эмин.
Әлеуметтік жобаның негізгі мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмысқа орналастыру (мүгедектігі бар тұлғалар, балалар үйінің түлектері, жалғыз басты аналар, бұрын қамауда болғандар).
“Арнайы жұмыс орындары” бағдарламасы бойынша бөлінген қаражатқа есту қабілеті бұзылған тұлғалардың қарым-қатынас жасауы үшін арнайы жабдық сатып алынды, нәтижесінде есту қабілеті бұзылған мүгедектер үшін екі арнайы жұмыс орны құрылды.
Қазіргі таңда шеберханада:
– Ағаш ұстасы цехы
– Тігін шеберханасы
– Полиграфия
– Сәндеу цехтары жұмыс істейді.
Шеберханада 34 адам жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 29-ы әлеуметтік осал топқа жатады.
Кәсіпорынның арнайы білімі жоқ барлық қызметкерлері алдымен оқудан өтіп, содан кейін шеберлер командасына қосылады.
Әлеуметтік шеберхана олардың әлеуетін іске асыруға көмектеседі.