Ниязова Светлана Нұрғалиқызы – 3 топтағы мүгедек. Елордадағы Жұмыспен қамту орталығы арқылы денсаулығына қолайлы жұмысқа орналасты. Қазір ЖК «Изи Трейдинг» орап- қаптау машиниасының операторы болып жұмыс істейді.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 330 мүгедектігі бар азамат жұмысқа орналастырылды. Оның ішінде 71 адам тұрақты жұмыс істеп жүр. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 231 адам – Қоғамдық жұмыстарда, 5 адам – Жастар практикасы, 15 адам – Әлеуметтік жұмыс орындарында жұмыс істейді.
Әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша қосымша ақпаратты байланыс тел.-75-93-41, 95-44-23; ұялы тел.:+7 775 902 73 53; +7 705 318 9792 номерлері бойынша білуге болады. Мекен-жайы: «Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, Бейбітшілік көшесі-25, «Өркен» Бизнес орталығы.