Қасенов Ербол Сарсенбайұлы «12 Месяцев-Астана» ЖШС кеңесші болып жұмыс істейді. Ербол азаматтардың әлеуметтік осал топ санатына жатады ІІІ топ мүгедегі. Қазан айында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына өзіне ыңғайлы жұмыс іздеп келді. Мамандардың жолдама беруімен «12 Месяцев-Астана» ЖШС сауда кеңесшісі болып жұмысқа орналасты.
Адамға еңбек етуге, лайықты өмір сүру үшін табыс табуға ешкім тыйым сала алмайды. Қазақстан заңнамасында жұмыс істейтін мүгедектердің еңбекке құқығын жүзеге асыруға, қауіпсіз жұмыс істеуге арналған қолайлы жағдай жасауға, жұмысқа орналасу және жұмыстан босату кезінде оларды кемсітушілікке жол бермеуге бағытталған жеңілдіктер жүйесі қарастырылған.
Мүгедектігі бар азаматтарды жұмысқа орналастыру – оңалтудың ең жақсы тәсілі. Ол материалдық тәуелсіздікті, және ең маңыздысы – қоғамға бірігуді көздейді. Халықты жұмыспен қамту орталығы барлық санаттағы азаматтарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі. Мүгедектігі бар азаматар жұмысқа орналастыруға арналған «Еңбек» бағдарламасы бойынша «Қоғамдық жұмыстар», «Жастар тәжірибесі», «Әлеуметтік жұмыс орындарына» жұмысқа жіберіледі.
Әлеуметтік осал топ санатындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру бойынша қосымша ақпаратты байланыс тел.-75-93-41, 95-44-23; ұялы тел.:+7 775 902 73 53; +7 705 318 9792 номерлері бойынша білуге болады. Мекен-жайы: «Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, Бейбітшілік көшесі-25, «Өркен» Бизнес орталығы.