Ағымдағы жылдың 17 сәуірінде елордалық Еңбек мобильділігі орталығы (Мансап орталығы) жұмыс берушілермен байланыс бөлімі мүгедектігі бар адамдарға арналған шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Шағын жәрмеңкеге 6 жұмыс беруші қатысып, әр түрлі қызмет салалары бойынша әкімшілік және көмекші қызмет көрсету, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс 126 бос жұмыс орынды ұсынды.