Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің Күнін мерекелеу қарсаңында Еңбек ұтқырлығы орталығының қызметкерлері үшін салтанатты іс-шара өтті.

Жарияланған күні:
2023-28-10 сағат 15:50

Ағымдағы жылдың 27 қазанында әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күніне орай Еңбек мобильділігі орталығының қызметкерлері үшін салтанатты іс-шара өтті.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуб, басшының орынбасарлары Ерлан Джусупов, Айгүл Таласова, Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының үйлестіру бөлімінің басшысы Айгүл Нұрекенова,
Еңбек мобильділігі орталығының директоры Олжас Омар және директордың орынбасарлары Ғалия Әбенова, Талғат Есімов, Алма Нұрмағамбетова, сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталығының кәсіподақ комитетінің төрағасы Айжан Усаева құттықтау сөз сөйледі.
Салтанатты рәсім аясында саланың үздік қызметкерлеріне Астана қаласы әкімінің Құрмет грамоталары мен алғыс хаттары, сондай-ақ Еңбек мобильділігі орталығы директорының Алғыс хаттары табыс етілді.
Іс-шара музыкалық нөмірмен аяқталды.

Жарияланған күні: 2023-28-10 сағат 15:50
Сілтеме https://czn.kz/leumettik-or-au-zh-jesi-yzmetkerlerini-k-nin-merekeleu-arsa-ynda-e-bek-t-yrly-y-ortaly-yny-yzmetkerleri-shin-saltanatty-is-shara-tti/