Әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз!

Жарияланған күні:
2022-28-10 сағат 17:35

Құрметті әріптестер, әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мереке – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күнімен құттықтаймыз!

Сіздің мамандығыңыз адамдардың өміріне жақсылық пен мейірімділік әкелуге арналған. Атқаратын ісіңіз сіздің барлық күш-жігеріңізді салып, адалдық пен үлкен шыдамдылықты және жанашырлықты қажет етеді. Сіздің қолдауыңызбен адамдардың ертеңгі күнге деген сенімділігі артады, оларды жалғыздықтан құтқарады және қиын өмірлік жағдайларды жеңуге күш береді.
Атқарып жатқан жұмыстарыңыз, кәсібиліктеріңіз және де адалдықтарыңыз үшін шексіз алғысымды білдіреміз!
Сіздерге және отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт және жұмыстарыңызда жаңа жетістіктер тілейміз!

Жарияланған күні: 2022-28-10 сағат 17:35
Сілтеме https://czn.kz/leumettik-or-au-zh-jesi-yzmetkerlerini-k-nimen-tty-tajmyz/