Әкімдіктің қаулысымен 2022 жылы мүгедек жандарды жұмысқа орналастыру үшін қала ұйымдарында жұмыс орындарына квоталар жұмыскерлердің тізімдік санының 2-ден 4% – ға дейінгі мөлшерде белгіленген. 915 жұмыс берушіде бұл 6 686 орын, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
2022 жылдың басынан бастап елордада жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен 450 мүгедек адам қамтылды, оның ішінде: тұрақты жұмысқа – 174, жастар практикасына – 5, әлеуметтік жұмыс орындарына – 5, қоғамдық жұмыстарға – 255, алғашқы жұмыс орнына – 3 және “Күміс жас” жобасы бойынша – 1 адам жұмысқа орналастырылды. Сонымен қатар қысқа мерзімді курстарға 7 адам жіберілді.
“Электрондық еңбек биржасы” интернет-порталында (www.enbek.kz) мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа орналастыру үшін 467 бос орынға 116 хабарландыру орналастырылды.
Толық ақпаратты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің “Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-де Бейбітшілік көшесі, 9, бірінші қабат (бұрынғы Sine Tempore ғимараты) мекенжайы бойынша немесе 24-96-05, 24-96-34, 24-96-64 телефондары арқылы алуға болады.