Жол картасын іске асыру барысы туралы жұмыс кеңесі

Жарияланған күні:
2021-8-10 сағат 22:13

 

Ағымдағы жылдың 8 қазанында жауапты мемлекеттік органдардың қатысуымен Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру барысы туралы жұмыс кеңесі өтті.

Кеңесте жобалар аяқталғаннан кейін тұрақты жұмыс орындарын құру, жобалардағы жұмыстардың аяқталу мерзімдерін анықтау, объектілерді пайдалануға беру және отандық өндірушілердің тауарлары мен қызметтерін қолдану туралы мәселелер қаралды.

ЖҚЖК-ның 14 жобасында 504 уақытша және 125 тұрақты жұмыс орны құрылды.
Жауапты мемлекеттік органдарға ЖҚЖК іске асыру мониторингіне және жалақы мен әлеуметтік аударымдардың уақтылы төленуін бақылауды күшейту тапсырылды.

Жарияланған күні: 2021-8-10 сағат 22:13
Сілтеме https://czn.kz/zhol-kartasyn-iske-asyru-barysy-turaly-zh-mys-ke-esi/