Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттар алуға үміткерлердің өтініштерін қарау бойынша комиссияның кезекті отырысы өтті.
10 үміткерге мемлекеттік грант беру мақұлданды ( жартылай фабрикаттар өндірісі, кондитерлік өнімдер, киім тігіні, сұлулық қызметтері және басқалар).
Анықтама үшін: 2021 жылға барлығы 400 мемлекеттік грант беру жоспарланған. Комиссия жыл басынан бері 342 жобаны мақұлдады.
Ағымдағы жылы гранттың ең жоғарғы сомасы – 583.400 теңге (200 АЕК).
Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласуға болады.
Мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі 25, «Өркен» БО.
Байланыс телефондары:
8(7172) 95 44 16;
8(7172) 95 44 18.