Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы “Жұмыспен қамту жол картасы” бағдарламасы шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық объектілерде жұмысқа орналасуға қолдау көрсетеді .
Шілде айында Венгловский Валентин Брониславович жұмыс іздеуші ретінде Халықты жұмыспен қамту орталығына жүгінді .
Қазіргі уақытта Валентин Нұр-Сұлтан қаласы, “Сарыарқа” ауданы, Көктал тұрғын алабы, № 20-2, 20-4, 12-1 және С165 көшелерінің қиылысындағы “Кварталішілік инженерлік желілер мен автомобиль жолдарының құрылысы” жобасына учаске бастығы ретінде “Прогресс KZ ” ЖШС-ға жұмысқа орналастырылды.
Бұл жоба Көктал ауданы тұрғындарының тұрмыстық жағдайын жақсарту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласында, “Сарыарқа” ауданында кварталішілік инженерлік желілердің (сумен жабдықтау және кәріз) құрылысына бағытталған.
ЖҚЖК шеңберінде іске асырылатын инфрақұрылымдық объектілерде жұмыс істей отырып, Сіз елорданы салуға, жөндеуге, абаттандыруға және көгалдандыруға белсенді қатысасыз.
ЖҚЖК аясында нысандарға жұмысқа орналасу үшін “Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ-не жүгіну қажет.
Мекен-жайы: Бейбітшілік көшесі 25, “Өркен” БО
Байланыс телефоны:
8(7172) 57-87-00
8(7172) 57-88-88