Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің жанындағы Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтті. Отырыста Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына қатысушылардың құрамына берілген өтініштер негізінде қысқа мерзімді кәсіптік оқудан өтуге үміткерлерді енгізу және қысқа мерзімді кәсіптік оқытуды ұйымдастыру үшін қажетті мамандықтардың (біліктіліктердің) қосымша тізбесін бекіту мәселелері талқыланды.
Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қаласы Халықты жұмыспен қамту орталығына келесі мекен-жайға хабарласуға болады: Бейбітшілік к-сі, 25, «Өркен» БО,
Байланыс телефондары:
8(7172) 57-89-78;
8(7172) 95-44-16;
8(7172) 95-44-18.