Жұмыс берушілердің назарына!

Жарияланған күні:
2024-23-01 сағат 19:00

Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ Сізге Астана қаласының әкімділігінің 2023 жылғы 30 қарашадағы № 158-2569 «Астана қаласында 2024 жылға арналған мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» және 2023 жылдың 30 қарашадағы №158-2570 «Астана қаласында 2024 жылға арналған ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру мекемелерінің түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» назарларыңызға қаулысын ұсынады.

Астана қаласы әкімдігінің 2024 жылға арналған қаулысының тізіміне енген кәсіпорындар саны:
– мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы -298 ұйым;
– пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы – 34 ұйым;
– бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота – 32 ұйым;
– ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе кәмелетке толғанға дейін қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы – 18 ұйым.

Осыған байланысты, Қаулыда бекітілген квоталардың орындалуы туралы ақпаратты тоқсан сайын, тоқсан сайын есепті айдан кейінгі айдың 10-күніне дейін ұсыну қажеттігі туралы u.muhedenova@czn.kz электрондық поштаға хабарлауыңызды сұраймыз.

 

Жарияланған күні: 2024-23-01 сағат 19:00
Сілтеме https://czn.kz/zh-mys-berushilerdi-nazaryna-4/