Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары ағымдағы жылдың 28 қазанында Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде “Жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік көмек көрсету” тақырыбында ұйымдастырушылық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Бөлім басшысы Ж.Х. Мусина және Жұмыспен қамту орталығының атаулы әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің маманы Д. М. Каримжанова Халықты жұмыспен қамту орталығы көрсететін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және әлеуметтік көмек шаралары туралы толық түсіндірді.
Халықты жұмыспен қамту орталығы жұмыссыздықпен күрес мәселелерінде еңбек нарығын реттеуді жүзеге асыратын елорданың жауапты мекемелерінің бірі. Жұмыспен қамту орталығы Қоғамдық жұмыстар, Жастар практикасы, Алғашқы жұмыс орны, Әлеуметтік жұмыс орындары, Ұрпақтар келісімшарты және Әлеуметтік көмек көрсету бағдарламалары арқылы Жұмыспен қамтудың белсенді шараларын жүйелі түрде іске асырады.
Жұмысқа орналасу бойынша қосымша ақпаратты келесі телефон нөмірлері арқылы алуға болады:
8(7172) 75-93-41
8(7172) 95-44-23
8(775) 902 7353
8(705) 318 9792
“Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы” КММ мекенжайы: Бейбітшілік көшесі, 25, “Өркен” БО.