Ағымдағы жылдың 27 маусымында Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Жұмыспен қамту орталығының ғимаратында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тіркелген тұлғаларды қайта әлеуметтендіру бойынша кеңес өткізді. Кеңеске Нұр-Сұлтан қаласы прокуратурасының, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің, Нұр-Сұлтан қаласының қалалық орта сапасы және бақылау, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармаларының, Нұр-Сұлтан қаласының Кәсіпкерлер палатасының және Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Еңбек Ақмола» ШЖҚ РМК филиалының өкілдері қатысты.
Жалпы алғанда, Жұмыспен қамту орталығы Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және Жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тіркелген тұлғаларды қайта әлеуметтендіру жұмыстарын жүргізуде және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңында белгіленген, жұмыспен қамтуға ықпал ету мемлекеттік қызметтерін ұсынады.
Жыл басынан бері 21 адам жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, оның ішінде 9 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және 12 адам пробация қызметінде тіркелгендер.
Жұмыспен қамту бойынша талдау көрсеткендей, қаладағы жұмыс берушілер бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тіркелген тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін белгіленген 1% мөлшеріндегі квотаны орындамайды.
Мемлекеттiк еңбек инспекторларымен жұмыс орындарына белгiленген квоталарды iске асыру бойынша тексерулер жүргiзіледi және бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк шаралар қабылданады.
Кездесуге қатысушылардың пікірлері бойынша, бүгінгі қаралған өзекті мәселелері өте маңызды.
Кездесу барысында бұрынғы сотталғандар мен пробация қызметінде тіркелгендерді жұмыспен қамту бойынша барынша толық мәліметтер талқыланды, әрі қарай әрекет ету әзірленген Алгоритм бойынша жүргізіледі.