Өткен жұма күні «Жанұя» отбасын қолдау орталығында Әлеуметтік қызметкер күні аталып өтті. Ресми бөлім барысында кәсіби мереке құрметіне үздік қызметкерлер марапатталды. Орталық басшылығы әлеуметтік қызметкерлерге денсаулық, отбасыларына амандық және жұмыстарында жаңа шығармашылық табыс тіледі. Құрметті марапаттардан басқа әлеуметтік қызметкерлер үшін жағымды сыйлық ретінде әріптестерінің гитарамен ән айтуы болды.⠀
⠀
Әлеуметтік қызметкерлер көбінесе азаматтардың қорғалмаған санаттарымен өзара қатынас жасай отырып, адамдарға жан-жақты көмек көрсетеді.