ҚР Конституциясы күніне орай елордалық жұмыспен қамту Орталығында үздік қызметкерлерді марапаттау рәсімі өтті.
Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы басшысының орынбасары және Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту Орталығының директоры барлық қызметкерлерді мерекемен құттықтай отыра, жұмыстағы көрсеткіштері мен адал еңбектері үшін құрмет грамоталары мен медальдарын табыс етті.
Іс-шара барысында ЖҚжӘҚ басшысының орынбасары ҚР Конституциясының рөлін жалпы ұғынуға арналған тақырыпта сөз сөйледі. Ол ҚР Конституциясының тарихы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін негізгі ережелер туралы айтып өтті.
Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылғы 30 тамызда республикалық референдумда қабылданған болатын.