Құрметті Нұр-Сұлтан қаласының  жұмыс берушілері!

Жарияланған күні:
2020-19-09 сағат 0:26

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ (бұдан әрі – Орталық) 2021 жылға қоғамдық жұмыстар ұйымдастыру үшін өтінімдерді қабылдайтындығын хабарлайды.

Қоғамдық жұмыстар – қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін халықты жұмыспен қамту орталығы ұйымдастыратын еңбек қызметінің түрлері.

Қоғамдық жұмыстар республикалық немесе жергілікті бюджет қаражаты шегінде қаржыландырылады және өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдалылығы мақсатында құрылады.

Толық ақпарат және қажетті құжаттар тізімі бар өтінім бланкісі орталықтың www.czn.kz ресми сайтында орналастырылған

Өтініштер «Documentolog» электронды құжат айналымы жүйесінің көмегімен қабылданады (egov.kz – электрондық үкімет порталы арқылы).

Сұрақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 25 («Өркен» БО) 2 қабат, 202/2 кабинет, 51-89-35; 72-93-56 телефондары арқылы хабарласуға болады.

Орталық, қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру үшін жұмыс берушілердің арасында орындарды бөлу кезінде өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық пайдалылығына берілген орындарда жүргізілген мониторингті ескере отырып жүргізілетінін хабарлайды.

 

Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 2021 қаржы жылына арналған жұмыс берушінің өтініші

Жарияланған күні: 2020-19-09 сағат 0:26
Сілтеме https://czn.kz/uvazhaemye-rabotodateli-goroda-nur-sultan-4/