Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тіркелген тұлғаларды еңбекпен қамту

Жарияланған күні:
2018-28-11 сағат 17:47

Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы Жұмыспен қамту орталығының ғимаратында «Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тіркелген тұлғаларды жұмысқа орналастыру» тақырыбында кеңес өткізді. Кеңеске Астана қаласы прокуратурасының, Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің, Астана қаласы бойынша  Ішкі істер департаментінің Жергілікті полиция қызметінің, Астана қаласының қалалық орта сапасы және бақылау, инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармаларының, Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының және Астана қаласы бойынша «Екбек Ақмола» ШЖҚ РМК филиалының өкілдері қатысты.

 

Жалпы алғанда, Жұмыспен қамту орталығы Астана қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің және Жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тіркелген тұлғаларды  қайта әлеуметтендіру жұмыстарын жүргізуде және Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы»  Заңында белгіленген, жұмыспен қамтуға ықпал ету мемлекеттік қызметтерін ұсынады.

Жыл басынан бері 69 адам жұмыссыздықтан  әлеуметтік қорғау шараларымен қамтылды, оның ішінд

е 30 адам бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар және 39 адам пробация қызметінде тіркелгендер.

 

 

Мысалы, Жұматаев К.С.  сантехник мамандығы бойынша кәсіптік оқытудан өтіп, өз бизнесін ашуға және жаңа бизнес идеяларды іске асыру үшін 100 АЕК (240 500 теңге) мөлшерінде өтеусіз грант алды.

Жұмыспен қамту бойынша талдау көрсеткендей, қаладағы жұмыс берушілер бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде тіркелген тұлғаларды  жұмысқа орналастыру үшін белгіленген 1% мөлшеріндегі квотаны орындамайды.

Мемлекеттiк еңбек инспекторларымен жұмыс орындарына белгiленген квоталарды iске асыру бойынша  тексерулер жүргiзіледi және бұзушылықтар үшiн әкiмшiлiк шаралар қабылданады.

Бүгінгі күні «Астана РЭК» АҚ-да жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, Қазақстан Республикасының «Жұмыспен қамту туралы» Заңының 27 бабын, 28 бабының 2 тармағының 6 тармақшасын бұзғаны үшін жұм

ыс беруші  әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кездесуге қатысушылардың пікірлері бойынша, бүгінгі қаралған  өзекті мәселелері өте маңызды.

Кездесу барысында бұрынғы сотталғандар мен пробация қызметінде тіркелгендерді жұмыспен қамту бойынша барынша толық мәліметтер талқыланды, әрі қарай әрекет ету Алгоритмі жасалды.

Жарияланған күні: 2018-28-11 сағат 17:47
Сілтеме https://czn.kz/trudovaja-zanjatost-lic-osvobozhdennyh-iz-mest-lishenija-svobody-i-sostojashhih-na-uchete-sluzhby-probacii/