2023 жылдың 20 ақпанынан 2021-2025 жылдарға арналған Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру аясында жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін қайтарымсыз гранттарды алудың бірінші ағымына өтінімдер қабылдау басталады. Өтінімдерді қабылдау «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн режимінде 4 ағым шеңберінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады. Ағымдағы жылы берілетін гранттар тек халықтың нысаналы топтарына қаралған:
– атаулы әлеуметтік көмек алушылар;
– көп балалы отбасы мүшелері-көп балалы отбасы бойынша жәрдемақы алушы және (немесе) оның жұбайы (зайыбы);
– асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік жәрдемақы алушылар;
– өңіраралық қоныс аударушылар;
– қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар;
– еңбекке қарсы көрсетілімдері жоқ мүгедектігі бар тұлғалар;
– мүгедек баланы (балаларды) тәрбиелеп отырған тұлғалар.
Астана қаласы бойынша ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 132 грант беру жоспарланған. Бірінші ағым (поток) шеңберінде 33 грант берілетін болады.
Өтінімдерді қабылдау 10 жұмыс күніне созылады, содан кейін қалалық Комиссия берілген өтініштерді қарайды. Комиссия отырыстарында үміткерлер өздерінің бизнес-жобаларын таныстыруы тиіс.
Толығырақ ақпарат алу үшін мына мекен-жайға хабарласуға болады: Бейбітшілік көшесі, 9. тел.: 24-94-72, 24-94-51.