Солтүстік-Казақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданына нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған “Еңбек” Мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жұмыс күші тапшы өңірлерді қамтамасыз ету мақсатында азаматтарды келесі өңірлерден көшіру бойынша құжаттар қабылдау жүргізілуде:
Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Түркістан, Қызылорда облыстары және Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары (соңғы жыл және одан да көп тіркелген).
Жаңа тұрғылықты жерінде ерікті аймақаралық қоныс аударуды мемлекеттік қолдау:
1) көшуге материалдық көмек беру;
Бағдарламаға қатысушыларға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай – ақ отбасы жағдайына қарамастан жалғызбасты адамдарға көшуге материалдық көмек-отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (204 190 теңге) мөлшерінде бір рет беріледі.
2) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу;
Бағдарламаға қатысушының отбасына, оның ішінде жалғызбастыларға тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек – ай сайын, он екі ай ішінде мынадай мөлшерде беріледі:
ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін:
– бір адамға 15 АЕК (43 755 теңге) мөлшерінде;
– отбасы мүшелерінің саны екіден төртке дейін болған кезде 18 АЕК (52 506 теңге) мөлшерінде;
– отбасы мүшелерінің саны бес және одан көп болған жағдайда 21 АЕК (61 257 теңге ) мөлшерінде.
3) қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету арқылы тұрғын үй сатып алу (сатып алу) және/немесе салу арқылы жалға берілетін тұрғын үй беру;
Жаңа үйлерге қоныстандыру шарттары отбасы құрамы 4 және одан да көп адамнан болуы тиіс.
Тұрғын үйлердің ауданы 70-90 шаршы метрден бастап, тұрғын үйді жалға алу үшін ай сайынғы жалдау ақысы 6000 тенге.
5 жылдан кейін қалдық құны бойынша тұрғын үйді жекешелендіру мүмкіндігі бар.
Қоныс аудару бойынша қабылдау 23-25 маусым күндері “Жанұя” отбасы институтын қолдау орталығында жүргізіледі.
Мекен-жайы: Бейбітшілік к-сі 14,
Тел: 8 707 552 8199 Руслан Темірбекұлы
8 705 199 6867 Еркін Мұратұлы