Ағымдағы жылдың 22 ақпанында елордалық Еңбек мобильділігі орталығы (Мансап орталығы) алимент бойынша берешегі бар адамдар үшін шағын бос жұмыс орындар жәрмеңкесін ұйымдастырды.
Шағын жәрмеңкеге 3 жұмыс беруші қатысып, әртүрлі қызмет салалары: әкімшілік және қосалқы қызмет көрсету саласында, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс бойынша 29 бос жұмыс орынды ұсынды.