Бүгін жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алуға үміткерлердің өтініштерін қарау үшін комиссия отырысы өтті. Өнімді жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасының қатысушысына мемлекеттік гранттарды беру ережесінің бірі комиссияның үміткерлердің өтініштері мен бизнес жобаларын қарауы. Отырыс барысында бағдарламаға қатысушыларға өз бизнесін жүргізу үшін қажетті мүкәммалға қатысты бірқатар сұрақтар қойылды.
Бүгінгі таңда комиссия 289 грантты мақұлдады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар қажетті құрал-жабдықтар, еңбек құралдары, технологиялық жабдықтар, жануарлар, мал, құс сатып алуға пайдаланылады.
Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік гранттар тұтынушылық мақсаттарға, несиелік қарыздарды өтеуге, тұрғын үй жылжымайтын мүлік сатып алуға және салуға, жер учаскелерін сатып алуға, жалға алынған төлем ретінде акцизделетін өнім өндіруге берілмейді.