Бүгінгі таңда жұмыс берушілер арасында www.enbek.kz электрондық еңбек биржасында ең сұранысқа ие мамандықтар – дәрігер, жүргізуші, инженер, тәрбиеші, кассир, медбике. Ізденушілер арасында –күзетші, заңгер, үнемдеуші, есепші, іс-жүргізуші.
Елорданың жұмыспен қамту Орталығы «Электрондық еңбек биржасы» интернет-порталы арқылы жеке кабинет арқылы бос жұмыс орындарын толықтыру және бос жұмыс орындарын жинастыру бойынша жұмыс берушілермен белсенді жұмыс жүргізуде.
Электрондық еңбек биржасы жұмысқа орналастыру үдерісін жеңілдету үшін жұмыс істейді, онда ізденуші онлайн тіркеле алады және өз түйіндемесін орналастыра алады, үйден шықпай-ақ лайықты бос жұмыс орындарын таңдай алады. Бүгінгі күні www.enbek.kz порталында 5491 бос жұмыс орны орналастырылды, оның ішінде 443 бос жұмыс орны икемді кестелі.
Жұмыспен қамту орталығына жүгіну үдерісі келесі түрде жүргізіледі, ең алдымен ізденушіні жұмыс іздеуші тұлға ретінде (бұдан әрі – ЖІТ) тіркейді. Өтініш білдіргеннен кейін, Сіз жұмыспен қамту мәселелері бойынша, қолданыстағы Бағдарламалар туралы, жұмысқа орналастыру нұсқамалары немесе кәсіптік білім алу туралы тегін кеңес ала аласыз.
Жұмысқа орналасу мәселесі бойынша сіз Бейбітшілік к-сі 25 мекен – жайы бойынша, «Өркен» ІО орналасқан, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығына хабарласа аласыз.