Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ 2023 жылғы 3 тамызда сағат 14.30 – 17.00 «Жастар» сарайында өтетін «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» ұйымдастырады.
Жәрмеңкеде қала аумағында орналасқан мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардағы тұрақты және уақытша жұмыс орындарына бос жұмыс орындары ұсынылады.
Жәрмеңкеге құрылыс, білім, медицина, сауда, көлік-логистика, қаржы және т.б салалардағы жұмыс берушілер қатысады. Біздің бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Халық банкі, Хоум Кредит банкі, «БАЗИС-А» құрылыс компаниясы, «Центрказэнергомонтаж» АҚ, «Магнум» сауда желісі, «Мечта» дүкені, «SMEU Astana» ЖШС және басқа да көптеген жұмыс беруші компаниялар қатысады.
Сондай-ақ, шара аясында «Жастар практикасы», «Алғашқы жұмыс», «Ұрпақтар келісімшарты» бағдарламалар кәсіптік оқыту және «enbek.kz» порталымен жұмыс істеу бойынша кеңес беру бойынша Мансап орталықтарының мамандарымен түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.
Орны: Астана қаласы, «Жастар» сарайы,
Республика даңғылы, 34.
Өтетін уақыты мен күні: 03.08.2023 ж., 14:30-17:00
Журналистерді аккредиттеу телефон / WhatsApp арқылы 2023 жылдың 03 тамызда, сағат 14.00 дейін 8 7714850971 Сания.