Астана қаласы әкімдігінің «Еңбек мобильділігі орталығы» КММ-сі және «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» Жастар қанаты «Жастарға жұмыс» жобасы аясында «Бос жұмыс орындары жәрмеңкесін» өткізуді жоспарлауда. Жәрмеңкеге 18-35 жас аралығындағы жұмыссыз жастар мен ЖОО түлектері қатыса алады.
Жәрмеңкеде білім, құрылыс, өңдеу өнеркәсібі, ақпарат және байланыс, сауда т.б. салалардағы бос жұмыс орындары ұсынылады.
Жұмыс іздеген жастарға «AMANAT» партиясы, «Astana Hub», «Богатырь Көмір» ЖШС, «Eurasian Resources Group», «Қазақтелеком» АҚ, «Magnum Cash&Carry», «Aurora Minerals Group», «SAMRUK-KAZYNA ONDEU» ЖШС, «АрселорМиттал Теміртау» АҚ, «Eurasian Foods Corporation» холдингі сынды 50-ден астам компаниялар мен жергілікті университеттер бос жұмыс орындарын ұсынатын болады.
Сонымен қатар, мемлекеттік органдардың мамандары тегін қажетті кеңестер береді. Аталмыш іс-шара еліміздің барлық аймағында өткізіледі.
Шараның мақсаты – жастардың кәсіби, еңбек және кәсіпкерлік әлеуетін іске асыру үшін жағдай жасау.
Өтетін орны: Астана қаласы, Арбат алаңы, Ә. Мәмбетов көшесі
Өтетін уақыты: 16:00-20.00, 14.07.2023 ж.
Журналистерді аккредиттеу телефон / WhatsApp арқылы 2023 жылдың 14 шілдесіне, сағат 15.00 дейін: 8 702 271 71 21 Айжана.