Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы атқаратын қызметтің бірі – мақсатты топтағы азаматтарды жұмысқа орналастыру болып табылады. Орталық арқылы жыл басынан бері мүгедектігі бар 574 адам жұмыс тапты.
Елімізде жұмыссыздықпен күрес шарасының бірі жергілікті бюджет қаражатынан ұйымдастырылған әлеуметтік жұмыс орындарын құру. Мүгедектің жеке мүмкіндіктері ескеріле отырып жабдықталған арнайы жұмыс орындарын құру үшін жұмыс берушіге субсидия беріледі.
Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастырған жұмысберушінің бірі “Ayakoz-ana” ЖШС. Директоры – көп балалы ана, 3-топ мүгедегі Шнейдер Аякоз Азнабайқызы. Аягөз – есту қабілеті нашар мүгедек адамдар үшін екі арнайы жұмыс орнын құрды.
Олар- ІІІ топ мүгедегі Шуть Владимир Викторович және Сеилхадирова Гульфайроз Мухытбайқызын тігінші етіп жұмысқа қабылданды. Әлеуметтік жұмыс орны – мақсатты топтағы жұмыссыздарды жұмысқа орналастыра отырып, олардың еңбегіне жұмыс беруші ішінара өтемақы шығындарын төлейтін, жергілікті атқарушы органмен келісім шарт негізінде жұмыс беруші құратын жұмыс орны.
2011 жылдан бастап әлеуметтік жұмыс орны Жұмыспен қамту 2020 жол картасын іске асыру шеңберіндегі Республикалық бюджет қаражатынан ұйымдастырылады