Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі” атты Жолдауы талқыланды.
Халықты әлеуметтік қорғау мамандарының қатысуымен өткен жиында Нұр-Сұлтан қаласының Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау басқарама басшысы Сәуле Нұрғожина: “Президенттің биылғы Жолдауы біздің қоғамның ең өткір және шұғыл мәселелерін шешуге бағытталған экономикалық, әлеуметтік және саяси шаралардың ойластырылған және шынайы кешені екенін айтты.
Қазақстанның барлық азаматтарының әлеуметтік-экономикалық әл-ауқаты, еліміздің дамуы, ел дамуының стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуі осыларды іске асыруға байланысты”,-деп атап өтті.
Отырыс барысында, Президент жолдауындағы еңбек нарығында экожүйенің қалыптасуын қамтамассыз ету,бюжеттік мекемелердегі ең төменгі жалақының ұлғайтылуы, кадр даярлау мәселесі, халықтың өмірін жақсарту үшін жұмысты кәсіби, уақытылы және үлкен жауапкершілікпен орындау туралы талқыланды.