Құрметті Астана қаласының жұмыс берушілері!
Астана қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы 2023 жылы субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға өтінімдер қабылдайтыны туралы хабарлайды (қоғамдық жұмыстар, жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, «Бірінші жұмыс орны», «Күміс жас» және «Ұрпақтар келісімшарты» жобалары).
Субсидияланатын жұмыс орындары барлық меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда ұйымдастырылады, бұл ретте жалақысы бойынша мерзімі өткен берешегі жоқ және бір жылдан астам жұмыс істейтін салықтық және басқа да әлеуметтік аударымдарды тұрақты жүргізетін жұмыс берушілер қатыса алады.
Жұмыс беруші (enbek.kz) электрондық еңбек биржасында «жеке кабинет» арқылы ағымдағы жылдың 1 қарашасына дейінгі мерзімде кезекті қаржы жылына арналған Жұмыспен қамту орталығына субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға электрондық өтінім береді.
Сұрақтар бойынша осы мекен жайға хабарласыңыз: Астана қ., Бейбітшілік к-сі, 9 үй, 129 кабинет, тел. 24-96-70; +7700 956-98-08.